Карантин: мүфтият Рамазанға байланысты маңызды мәлімдеме жасады

amin.kz/ 15 сәуір, 2020 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі іргелі зерттеу орталықтарының бірі болып табылатын В.Г.Фесенков атындағы «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» мекемесінің ғылыми мәліметіне сүйеніп, сондай-ақ көрші Өзбекстан және Қырғызстан мұсылмандары діни басқармаларымен кеңесіп, Рамазан айының басталатын күнін белгіледі.

Ораза кестесі де шариғат пен ғылыми негізге сүйеніп жасалады.

Осы ретте Рамазанға қатысты ақпаратты (ораза кестесі, пітір садақа мөлшері, ораза айтының күні, т.б.) Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты – www.muftyat.kz-тен алуға шақырамыз. Жақын уақытта биылғы жылдың ораза кестесі сайтқа шығады.

Асығыс таратылған ақпарат, тексерілмеген дерек қоғам арасында түсінбеушілік тудыруы мүмкін. Сондықтан Діни басқарманың ресми ақпаратына жүгінуді сұраймыз.

Осы орайда, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері мен әлеуметтік желіде жазба қалдыратын жеке тұлғалардан Рамазанға қатысты ҚМДБ бекітпеген мәліметтерді жарияламауды сұраймыз.