Мақат ауданының орталық мешіті 20 отбасыға азық-түлік апарды (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 15 сәуір, 2020 жыл.  Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске қосылған «Қайырымдылық керуені» жобасы Мақат ауданында жалғасын тапты.

Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықовтың бастамасымен әлеуметтік жағдайы төмен жиырма отбасына азық-түлік таратылды.

«Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы талай қиын замандарды бастан өткерген. Бірақ, сондай ауыр сынақтардың өзінен халқымыз сүрінбей өтті. Өйткені, қазақ жақсылықтан үмітін үзбеген халық.

Қазіргідей әлемді дүрліктіріп жатқан пандемия сынағы да өтпелі. Осындай қиын сәтте біз жақсылық жолында одан әрі топтасуымыз керек» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.