Майкөмген ауылына жаңа имам тағайындалды

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен тағайындалған жаңа имам Райымбек Сағындықовты жергілікті жамағатқа Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев таныстырды.

Сағындықов Райымбек Рамитжанұлы Алматы қаласындағы Нұр – Мүбәрак университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2017 жылы  Ақтөбе облысы, Ембі ауданындағы «Нұр» мешітінде бас имамдықтан бастаған. Әр кезеңде  Ақтөбе орталық  «Нұр-ғасыр» мешітінде, Атырау қаласындағы «Әт-Тақуа» мешітінде және Алматы қаласындағы «Нұр-мүбарак» мешітінде имамдық практикадан өткен.

Жаңа имамға ақсақалдар бата беріп, жұмысына сәттілік тіледі. Ал, Жылыой ауданы, Майкөмген ауылдық округ әкімі Марат Қабиденов ауыл имамына қызметтік пәтер кілтін табыс етті.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.