Қайырымды жұма: Атырауда автобус жолаушыларды тегін тасымалдады (+ ФОТО, + ВИДЕО)

Бүгін орталық «Иманғали» мешіті Атырауда ерекше акция ұйымдастырды.

«Атырау» футбол клубы, «Бейбарыс» хоккей командасы және «Ақжайық» автопаркінің атсалысуымен өткен акция барысында автобустар атыраулық жолаушыларды қала ішіне тегін тасымалдады.

«Қасиетті жұманың құрметіне өткен акцияның мақсаты – осынау иісі мұсылман үшін ізгі күні жақсы істерге үндеу. Және қасиетті Ережеп айы қарсаңында жақсылық істер арқылы, қоғамды бірлікке, адамгершілікке шақыру» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Акция барысында «Иман жастары» еріктілері жолаушыларға еліміздің көк туын және бір реттік маскаларды үлестірді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.