Қайырымдылық акциясы он отбасын қамтыды.
Материалдық көмекке зәру және көп балалы, аз қамтылған 10 отбасыға керекті азық -түлік жеткізіліп берілді.
“Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): “Науқастарыңызды садақа беріп емдеңіздер” деп өсиет еткен. Әлемді шарпыған індеттің ілмегіне ілініп, науқастанған жерлестеріміздің аман-саулығы үшін Мақат аудандық орталық мешітінің және “Мақат” қайырымдылық тобымен бірігіп акция ұйымдастырдық. Мұндай бағыттағы шаралар жалғасын табады” дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.



Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз – қызметі.