Мақат аудандық мешітінде қайырымдылық акциясы өтті

Мәуліт айының құрметіне Мақат аудандық орталық мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.

Жылқы малы сойылып, 10 отбасына ет таратылды.

«Іс-шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасы қамтылды. Мәуліт – қуаныштың, ізгіліктің айы. Осы айда адамдарға мейілінше қуаныш сезімін сыйлауға тырысуымыз керек. Ізгілік бағытындағы шаралар жалғасады» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.