Мақат аудандық орталық мешіті жанынан жапсарлас намаз залы ашылды

Мақат аудандық орталық мешіті жанындағы 300 орындық намаз оқу залының ашылу салтанатына Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысты.

Игі шара имамдар, аудан ақсақалдары мен мешіт жанашырларының қатысуымен өтті.

«Мешіт – Алланың үйі, сондықтан, таза әрі жамағатқа жайлы болуын қадағалаймыз. Бұл жерде діни рәсімдермен қатар, құлшылық, басқа да игі шаралар ұйымдастырылады, осы залдың тұрғызылуына жәрдемдескен жандарға Алла разы болсын!» деді облыстың Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Айта кетсек, бүгін Мақат ауданында Атырау облысы имамдарының көшпелі жиыны өтіп жатыр. Жиында келе жатқан қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстары, өзге де жылдық кешенді жұмыс жоспарлары талқылануда.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.