Қасиетті Құрбан айт мерекесі Атырауда жоғары деңгейде атап өтілуде.
20 шілде күні басталған Құрбан айт мерекесі күні құрбан шалынып, мұқтаж отбасыларға құрбан малының етін таратумен бірге, ұлық мерекеден сәбилер де шет қалмауда.
Мақат ауданында қасиетті мереке құрметіне 1000 балаға айттық сыйлық үлестірілді.
«Мақат орталық мешітінде 750 балаға, Сәтен – Шәмек мешітінде 120 балаға, Доссор мұсылмандар мешітінде 130 балаға айттық берілді. Ондағы мақсатымыз – Құрбан Айттың жылулыққа, қуанышқа толы мереке екендігін сәбилерімізге сезіндіру» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.