Мақат ауданында имамдар жылдың жұмыс жоспарын талқылады

Мақат ауданының орталық мешітінде имамдар, молдалардың қатысуымен жиын өтті.

Басқосуда Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов 2022 жылға бекітілген жұмыс жоспары, негізгі бағыттар, атқарылуы тиіс шаралар туралы баяндады.

«Ағартушылық шаралар, оңалту, жат ағымдармен күрес бағытындағы жұмыстарды күшейтуіміз қажет. Сонымен бірге, жамағаттармен жұмыста жаңашылдықтар керек. Қайырымдылық мәселесі күн тәртібінен түспейді. Мүфтият бекіткен «Қайырымдылық керуені», «Ел үлесі – пәтерге» жобалары аясында ауқымды шаралар атқаруға назар аударамыз. Интернет мүмкіндігін пайдаланып, әлеуметтік желілерде үгіт-насихат, уағыз құралы ретінде қолдану да басты назарда» деп атап өтті Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.