Мақат ауданында орталық мешітте қайырымдылық шарасы өтті

Мақат аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы өтіп, 15 отбасына азық-түлік таратылды.

«Қайырымдылық – мүфтият бекіткен басты бағыт болып қала береді. Қайырымдылық аясында әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж шаңырақтарды, жетім-жесірлерді қолдап отырмыз. Осындай шаралар көңілге үміт ұялатып, ізгілік нұрын себеді» дейді Мақат аудандық мешітінің бас имамы Біләл Сағындықов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.