Мақат ауданының орталық мешіті «Мектепке жол» акциясына үлес қосты

Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында, көп балалы отбасынан шыққан 30 балаға сабаққа қажетті оқу құралдары жинақталған сөмкелер табыс етілді.

Мақат аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен өткен ізгі шараның мақсаты – балаларды сабаққа әзірлеуде ата-аналарға қолғабыс ету.

«Мектепке жол» акциясы әлеуметтік жағынан қамқорлықты қажет ететін отбасыларға көмек қолын созу. Біздің мешітіміз бұл акцияға үнемі үлес қосып келеді» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.