Мақат орталық мешіті жазғы сауат ашу маусымын қорытындылады

Мақат ауданында «Имани жаз» жазғы сауат ашу маусымы қорытындыланып, 26 қыз балаға салтанатты жағдайда сертификаттар табыс етілді.

Оның ішінде, 12 қыз бала ілімін әрі қарай жалғастырып, Құранды меңгеріп жатыр.

Жазғы сауат ашу курсы барысында шәкірттерге ұлттық құндылықтар, руханият және ислам негіздері тақырыптарында сабақтар жүргізілді.

Жазғы сауат ашу курсы маусымының мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізуге атсалысу.