Мақат ауылында 17 дүкен арақ-шарап сатудан түбегейлі бас тартты

Қасиетті Рамазан құрметіне Мақат кентіндегі дүкендердің көпшілігі арақ-шарап сатудан түбегейлі бас тартып отыр. Дүкен иелері ащы суды Рамазанда ғана емес, басқа айларда да мүлде сатпайтын болады.

«Азық-түлік дүкендері иелерінің мұндай тамаша шешімге келуіне – мешіт тарапынан атқарылып жатқан насихаттық жұмыстар оң әсерін берді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен насихаттық жұмыстар еліміздің барлық өңірінде, соның ішінде Мақат кентінде де үздіксіз жүргізіліп отырады. Халық бұл шешімді қуана қолдап отыр» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.

Мақат ауданының бас имамы дүкен иелеріне алғыс білдіріп, марапат тапсырып қайтты.

Ащы су саудасынан мүлде бас тартқан Мақат ауылындағы дүкендер қатарында

«Рамазан»,
«Зоя»,

«Абдулла» ,

«Қаламқас «,

«Ниет»
«Айсұлтан»,

«Болашақ»
«Гүлназ»,

«Фатима»,
«Әдемі- Нұр»,

«Алтайр»,
«Абзал»,

«Адай»,
«Ақниет»,

«Байсары»,
«Азиза» азық-түлік дүкендері бар.