Жылыой аудандық мешітіне ұстаз тағайындалды

Рамазан айында Жылыой аудандық орталық мешітінде үлкен жаңалық болды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Шүкіріддін Темірқұлұлы Жылыой аудандық орталық мешітіне ұстаз болып тағайындалды.

Жаңа ұстазды жамағатқа Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев таныстырды.

Шүкіріддін Темірқұлұлы жоғары білімді маман.


2011-2015 жылдары Нұр-Мүбәрак университетінде «Фиқһ және заң» бөлімінде бакалавр дәрежесін алып шыққан.

Әр жылдары Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Рахат 4 ауылында » Рахат ислам» мешітінде наиб имам, Түркістан облысы, Сауран ауданы, Ынтымақ ауылындағы Имам Ағзам мешітінде наиб имам қызметінде болған.

2016-2017 жылдары Түркия мемлекетінің Стамбул қаласындағы Гунешлі Фераһ Құран курсында білімін жетілдірген.


2018-2021 жылдар аралығында Атырау облысы, » Шапағат » деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорында теолог маман, кейін Түркістан облысы Дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығы оңалту бөлімінде теолог маман қызметтерін атқарған.