Мақат ауданының орталық мешіті денсаулығында кінәраты бар сәбидің еміне көмек көрсету мақсатында қайырымдылық турнирін өткізді.
Футбол ойынынан өткен турнирге жергілікті жамағаттан және мешіт ұжымынан құралған бірнеше команда қатысты. Тартысты өткен бәсеке соңында барлық командаларға естелік сыйлықтары мен дипломдар табыс етілді.
«Сал ауруына шалдыққан Еркеназ Болатқызының шұғыл ем алуы үшін үлкен көлемде қаражат керек. Біз турнир арқылы кішкентай Еркеназдың анасына 287 мың теңге көлеміндегі қаражатты тапсырдық» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.