Мақат мешіті Құлсарыдан эвакуацияланған тұрғындарға көмек көрсетті

Мақат ауданында Құлсары қаласынан келген 5 отбасыға және Мақат ауданындағы 10 отбасыға азық түлікпен көмек көрсетілді.

Тасқыннан зардап шеккен құлсарылықтарға Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов барып, жағдайларын білді. Құлсарылықтарды жақсылықтан үміт үзбеуге, сабыр етуге шақырды.

Еске сала кетсек, 4 сәуір күні Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланып, әуелі Қосшағылға су кіріп, кейін Құлсары қаласын су басты.