Атырауда ел амандығы үшін құрбан шалынды

Елімізде болып жатқан табиғи апаттарға байланысты ел амандығы үшін ірі-қара малы құрбандыққа шалынды.

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы құран оқып дұға бағыштады.

Алла тағала шалып жатқан құрбандықтарымызды қабыл етіп, елімізді түрлі табиғи апаттардан сақтап, іргесін берік қылғай деп,- тілек білдірді.

Еске сала кетсек өңірімізде су тасқынына байланысты облыста төтенше жағдай жарияланды. Апаттың алдын алу үшін мешіт жанынан құрылған еріктілер де қызмет атқаруда.