Мақат орталық мешіті сырқат баланың еміне көмек көрсетті

Мақат аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен сал ауруына шалдыққан Темірұлан Ерікұлының емі үшін, баланың ата-анасына 250 мың теңге қаражат табыс етілді.

«Темірұланның жағдайы өте ауыр. Ата-анасы баланы Түркия еліне ота жасатуға алып кетпекші. Ем шара үшін 9 миллион теңге қаражат қажет. Қазіргі таңда қаражаттың 2 миллион теңгесі ғана жиналып отыр. Осы ретте, мешіт жамағатқа үндеу тастап, баланың еміне аз да болса үлес қосып отыр» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.

Темірұланның ата-анасы мүмкіндігіне қарай қолдау білдіріп жатқан мешіт ұжымына, мақаттықтарға, жалпы Қазақстан халқына алғыс білдірді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.