Мақат аудандық орталық мешітінде жазғы сауат ашу лагері жұмыс істеп жатыр.
Қазіргі таңда мешітте мектеп жасындағы 25 бала білім алуда. Шәкірттерге «Құран», «Сира» тақырыптары бойынша дәріс берілуде.
«Біздің мақсатымыз – жас буынға рухани тәрбие беру. Құран – ғылымның қайнар көзі. Құранды таныған ұрпақтың болашағынан зор үміт күтуге болады» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.