Мақат орталық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Мақат аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен жепгілікті спорт кешенінде қайырымдылық шарасы өтті.

«Шараның мақсаты – қатерлі дертке шалдыққан жергілікті екі азаматшаға көмек көрсету. Қазіргі уақытта қаражатқа мұқтаж болып отырған бауырларымыздың ем алуына атсалысу» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.
Балия апамызға және Гүлжайнат қарындасымыздың еміне футболдан қайырымдылық турнир өтті
15 команда қатысты.

Жарыс нәтижесі бойынша үздік командалар марапатталды. Кіші аяқ доптан өткен турнирге барлығы 15 команда қатысты.

Қайырымдылық турнирдің үздіктері:
«Үздік ойыншы» – Сисенбай Сағынжан (2000 ж)
«Үздік шабуылшы» – Тұрғали Жақсылық (1994 ж)
«Үздік қорғаушы» – Оразбеков Қуанышбек (1993ж)
«Үздік қақпашы» – Бекқалиев Ғабдуллатиф (1998ж)

Турнир нәтижесінде жиналған 312000 теңге сырқат жандарға теңдей бөлініп тапсырылды.