Алтынбек Ұтысханұлы «Таразы» бағдарламасына қатысты

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Caspian News телеарнасының «Таразы» бағдарламасына қатысты.

Тікелей эфирде өткен бағдарлама аясында қоғамдық орындарда боқтық сөздер айтқандарға айыппұл салу мәселесі талқыланды.

Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы адамның сөзі, дұрыс сөйлеудің маңызы туралы айтты.

«Сөйлей білудің өзі – үлкен нығмет. Адамның сөзі – оның ішкі мәдениетін көрсетеді. Дұрыс сөйлеу арқылы адам өзін тәрбиелейді» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.