Маска режимі сақталады: Атырауда мешіттерді ашу мәселесі пысықталды

amin.kz/ 28 тамыз, 2020 жыл.  Құран оқитын жерге бес адамнан артық кіруге болмайды. Әлеуметтік ара қашықтық қатаң сақталады.

Бұл туралы бүгін қала және аудан имамдары арасында онлайн байланыс арқылы өткен жиында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы айтты.

«Мешіттер алдағы дүйсенбі күні ашылады. Осыған байланысты, қатаң карантиндік режим сақталады. Яғни, мешітке келушілердің алдымен дене қызуын өлшеу ұйымдастырылуы тиіс. Сонымен бірге, жамағатпен намаз оқылмайтынын, келушілердің бір-бірімен қол алысуына тыйым салынатынын ескертіп отырғанымыз дұрыс.

Және жекелеген адамның бір намазды оқуына он бес минут қана уақыт беріледі. Сонымен бірге, неке қию рәсімі кезінде залда тек төрт адамның ғана отыруына рұқсат берілетіндігін ескертеміз.

Және әр мешітте санитайзарлердің орнатылуын қадағалауымыз керек» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, кеше Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мешіттерді ашу жұмыстарына байланысты жиын өткізген болатын.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.