Атырау облысындағы су тасқынына байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен Астана қаласынан өңірге 40 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.
«Иманғали» орталық мешітінің қызметкерлері мен еріктілер әкелінген азық-түлік өнімдері мен төсек-орын жабдықтарын реттеп, 4 жүк көлігіне тиеп жатыр.
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының айтуынша, гуманитарлық көмек Жылыой ауданындағы тиісті пункттерге жіберіледі.