Атырауда Айт намазы оқылды

Бүгін Атырау облысы мешіттерінде айт намазы оқылды.

Қасиетті Рамазан айы аяқталысымен барша мұсылман жұртшылығының ең ұлық мерекесі ораза айт та келіп жетті. Осындай ұлық мереке Ораза айт күні Атырауда айт намазы оқылып, Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Ораза айт – ұлық мереке» тақырыбында уағыз айтты. және Су тасқынынан зардап шегіп отырған аймақ тұрғындары үшін дұға тілеп, ел тыныштығы мен тұрақтылығына бата жасады. «Иманғали орталық мешітінде төрт мыңға жуық жамағат айт намазына қатысты.

Намаздан соң бір-бірін құттықтап, рамазан айындағы жасаған тағат-құлшылықтарының қабыл болуын тілеп: «Айт қабыл болсын!» деген құттықтау сөздерімен мерекелік көңіл күйге ұласты. Мешіт ақсақалдары бата беріп, ел амандығын тіледі.