Атырауда бас имам бастаған жамағат жаға бекітуге жұмылуда (+ФОТО)

Еліміздің көптеген өңірлерінде орын алып жатқан табиғи апатқа байланысты, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен көмек көрсетілуде.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық қорының» директоры Мақсатбек Қайырғалиев Атырау өңіріне арнайы келіп су тасқынының алдын алуға көмектесіп жатқан еріктелермен кездесті. Және Атырау қаласында Жайық өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарына Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бастаған мешіт имамдары, жамағат барып атсалысты.

Және күні-түні жаға бекітуге бел шешпей араласып жатқан атыраулықтарға ас-ауқат таратты.