Мүфтият өкілдері «Azan» радиосында сұхбат берді

Атырау облысы дін істері басқармасы тапсырысымен ашылған «Azan» радиосына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Діни сараптама бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Евфратұлы сұхбат беріп, мұсылманның бойынан табылуы тиіс сипаттар туралы айтты.

«Қасиетті Құран Кәрімде «Мүминун» сүресінде арнайы мұсылмандар үшін ғибратқа толы аяттар көп. Әр аяттың өзі бір тақырыпқа пара-пар. Мұсылман ең әуелі өтірік пен күнәлі істерден бойын аулақ ұстауы керек. Жаны да, тәні де таза адам нәпсіге берік рухы мықты болары сөзсіз»,-деп атап өтті.

Сондай-ақ, Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы ғылым игерудегі басты қағидалар туралы өз ойымен бөлісті.

Еске сала кетелік, Атырауда алғаш рет ашылып отырған «Azan» радиосы тәулігіне 24 сағат хабар тарататын рухани – діни бағыттағы радио.

Қазірдің өзінде радио 25 хабар ұсынып отыр. Олардың қатарында «Ізгі қоғам», «Пәтуа сағаты», «Тәпсір тұнығы», «Құран құндылықтары» сынды бағдарламалар бар.

Радио хабарды төмендегі сілтеме арқылы тыңдауға болады:

http://194.39.67.35/radioA