Мүфтият рухани болмыс кемелділігін дәріптейді

Бұл туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Атырау» телеарнасындағы «Иман нұры» бағдарламасында тікелей эфирде сұхбатында айтты.

Сұхбат барысында Бас имам мүфтият басымдық беріп отырған негізгі бағыттар туралы әңгімеледі. Яғни, биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз, қайырымдылық, сауат ашу, жат ағыммен күрес, дін мен дәстүр және ихсан ілімі бағытында кешенді жұмыс жүргізеді.

«Ихсан ілімі дегеніміз шынайылық. Яғни, сөз бен істе, кез келген жағдайда шынайы болу, кішіпейілділік, қарапайымдылық, ата ананы сыйлау, ел үшін адал қызмет ету. Адалдық жүрген жерде жақсылық, ізгілік, береке, ынтымақ болады» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы өз сұхбатында.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.