Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына жасаған сапарында «Ақтөбе» медресе-колледжінің шәкірттерімен кездесті.
Кездесуде ҚМДБ Төрағасы болашақ дін қызметкерлеріне насихат айтып, шәкірттерді терең білім алуға шақырды.
«Расында, білім – амалдың негізі, басшысы және түзетуші құралы. Амалсыз білімнің пайдасы болмайтыны секілді білімсіз амалдың да еш пайдасы болмайды. Білімсіз амал жасаған жандардың амалы қабыл болмайды, кері қайтарылады. Білім мен амал – бірін-бірі толықтыратын, бір-бірінен ажыратуға болмайтын егіз ұғым. Алла Тағаланы тану, Оның ризалығына жету жолына түскен адам білім алуды тоқтатпауы тиіс» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Сондай-ақ Бас мүфти медресе ұстаздарын Ұстаздар күнімен құттықтап, қызметіне табыс, отбасына амандық тіледі. Кездесу барысында шәкірттер ҚМДБ Төрағасына қойып, ұсыныс-тілектерін жеткізді.