Мақат ауданы Мәуліт мерекесін ауқымды деңгейде атап өтті

Мақат аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен Мәуліт рухани кеші өтті.

Мақат аудандық мәдениет үйінде өткен шараға «Өнер қырандары» театры арнайы келіп, өнер көрсетті.

Жергілікті тұрғындар жиналған мерекелік рухани кеште жұртшылықты Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы, Мақат ауданының әкімі орынбасары Ербол Қонысбайұлы құттықтады.