Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласына барған сапарында «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында баспанаға аса мұқтаж қос отбасыға 612, 613-пәтерлердің кілтін табыстады.
«Біз «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген аталы сөзді өмірлік ұстанымға айналдырған халықпыз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы күнделікті жұмысында жеті бағытқа басымдық береді.
Соның бірі – уақып және қайырымдылық бағыты. Біз қашан да өз мүмкіндіктеріміз аясында азаматтарымызға көмек беруге дайынбыз. Жаңа баспанаңыз құтты болсын. Іші жанға, сырты малға толып, берекелі үйлердің бірі болғай. Әмин!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Бұл жолғы баспана Нұрдәулет Нұрланұлы мен Орынбасар Шардарбекұлының отбасына бұйырды.