Ораза Айт: Атырауда 10 мыңға жуық балаға айттық үлестірілді (+ ФОТО)

Атырауда қасиетті Ораза Айт ауқымды деңгейде аталып өтті.

Айт құрметіне қала, аудан, ауыл мешіттерінде барлығы 10 мыңға жуық бүлдіршінге тәттілер таратылды.

Мәселен, Ораза Айт күні орталық «Иманғали» мешітінде 654, Медет мешітінде 1500, Сұлтан Бейбарыс мешітінде 500 балаға сыйлықтар таратылды.

«Бала – аманат. Бала – періште. Балаларды қуанту мақсатында ұйымдастырылған шара тәтті таратумен шектелмеді. Мешіттердің аулаларында киіз үйлермен қатар, ойын алаңдары орнатылды. Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау мақсатында облыс деңгейінде осындай ауқымды шаралар өтті» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.