Атырауда Ораза Айт мерекесіне 20 мыңнан астам тұрғын жиналды (+ ФОТО)

Атырауда Ораза Айт ауқымды деңгейде аталып өтті.

Айт намазы, мерекелік дастархан, спорттық ойындарды қоса алғанда, қала, аудан, ауыл мешіттеріне жиналған жұртшылық саны 20 мыңнан асты.

Ораза Айт – ұлық мереке. Барша мұсылмандарға қуаныш сыйлайтын мерекенің мәні – татулықты, бірлікті дәріптеуде жатыр.