Атырауда бір топ дін қызметкеріне қажылыққа жолдама берілді

Атырауда Иман мешіті қариларға және наиб имамдарға қажылыққа жолдама берілді.

Қарилар Асан Құндызбаев пен Акажан Юсуповқа, наиб имамдар
Шалқар Дәулетханұлы мен Нариман Джумашевқа қажылыққа жолдама табыс етті.

Қасиетті Рамазан айында Тарауық намазын жүргізген қари Нариман Джумашевқа құрмет көрсетуге мешіт жамағаты жиналды.

«Әрбір мұсылман қасиетті Рамазан айында ораза ұстап, әр түнінде тарауих намазын оқитын болса, үлкен сауаптарға кенелетінін Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтып кеткен. Мысалға,
Рамазанның бірінші кешінде Тарауық оқыса, анасынан жаңа туғандай пәк болады. Екі кешінде Тарауық оқыса, ата-анасының күнәсы кешіріледі. Оразаның әр күнінде Тарауық жүргізген, қатысқан адамдарға үлкен сауаптар жазылады. Осындай ерекше қасиетті айда Тарауық намазын жүргізген қариларға және наиб имамдарға Алла разы болсын» деп атап өтті Иман мешітінің имамы Назарбай Абдураманов.