Атырауда «Медет» мешіті 1500 баланы қуантты

Қасиетті Ораза Айт құрметіне, «Медет» мешітінің ұйымдастыруымен 1 500 балаға сыйлық пен тәттілер таратылды.

«Осы ізгі іске мұрындық болған кәсіпкерлерге алғыс айтамыз. Ораза Айт – қуаныш айы. Мейірім айы. Мерекені балаларымызға сезіндірген қандай жақсы» дейді «Медет» мешітінің имамы Мұхамедкәрім Сматұлы.

Еске сала кетсек, облыс бойынша мешіттер 10 мыңға жуық балаға айттық таратты.