Ұстаз Мұрат Мұстафаев түзеу мекемесінде насихат айтты

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев УГ – 157/9 мекемесінде терроризм, экстремизм бабымен сотталғандармен кездесіп, насихат айтты.

«Қазақ даласындағы ислам тарихы», «Қоғамнан бөлінбеу» тақырыптарында насихат айтып, сотталғандар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

«Қазақ – ықылым заманнан мұсылман болған халық. Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп сынды бабаларымыз өздерінің еңбектерінде адамзатты бірлікке шақырған.

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген Абайдың сөзінде үлкен мән бар. Біздер бөлінбеуіміз керек. Алтауы ала болса, ауыздағы кетеді. Бірлігі мықты ел озады. Сондықтан, адам қоғамнан бөлінбей, өзімен бірге, елдің дамуы үшін еңбек етуі керек» деп атап өтті ұстаз Мұрат Мұстафаев.