Атырауда «Әйел – қыздар секторы» рухани шара өткізді

Атырауда әйел, отбасы, ұрпақ тәрбиесі тақырыптарына арналған рухани кеш өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел – қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігі ұйымдастырған шараға 254 адам қатысты.

Рухани кеште Әйел – қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігі жетекшісі Ардақ Сайынқызы рухани даму, Рамазан айында рухани білімді жетілдіру, әйел адамның отбасы, қоғамдағы ролі тақырыптарында насихат айтты.