Атырауда Ихсан мешіті Тарауық жүргізген қариға қажылыққа жолдама берді

Атырауда Геолог ықшамауданында орналасқан Ихсан мешіті жамағаты қари Мұхаммедсафи Шахасанұлына Умра қажылығына жолдама табыс етті.

Жолдаманы жұртшылық алдында Ихсан мешітінің имамы Ардақ Жұмабекұлы қари Мұхаммедсафи Шахасанұлына салтанатты жағдайда тапсырды.

Еске сала кетсек, Атырауда Рамазан айы ауқымды шаралармен есте қалды. Рамазан айы бойына барлық мешіттерде Тарауық намазы оқылып, күнделікті 3800 адамға ауызашар берілді.

Бұдан бөлек қайырымдылық шаралары, рухани сағаттар, тәрбиелік, ағартушылық мәні бар жобалар жүзеге асырылды.