amin.kz/ 25 мамыр, 2020 жыл. Ораза айт құрметіне Мәулімберген мешітінің жастары балаларға тәттілер сыйлады.
Аталмыш мешіттің имамы Мақсот Бағытжанов барлығы отыз бала қамтылған мерекелік шараның мәні зор екенін айтады.
«Айт барша мұсылмандандың мерекесі болғандықтан, оны еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін сезінуі тиіс. Сыйлықтар таратылып, мерекелік мәдени шаралар ұйымдастырылуы абзал амалдардан. Жүзден аса ұлт өкілі тұрып жатқан еліміздегі әрбір азамат осы мерекенің лебін сезінуі қажет.
«Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер, сүйіспеншіліктерің артады» деген хадисті негізге алған қазақ даласында қонақ кәдесі, сүйінші, байғазы, тағы басқа адамдарды жақындыққа апаратын амалдар көп. Солардың бірі – айттық» дейді Мәулімберген мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.