Павлодарда 17 көшеге қазақ тұлғаларының есімі беріледі

Павлодар облысы мен қаласындағы 17 көшеге көрнекті қазақ тұлғаларының есімі беріледі.

Бұл туралы облыстық мәслихаттың қаулысы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мир көшесі – Олжабай батыр, Урицкий көшесі – Генерал Смағұлов, 1-я Южная көшесі – Бірлік, 2-я Южная көшесі – Кәукен Кенжетаев, Парковая көшесі – Мұқағали Мақатаев, Донецкая көшесі – Мағжан Жұмабаев, Кубанская көшесі – Қалмұқан Исабай, Совхозная көшесі – Рафиқа Нұртазина, Таганрогская көшесі – Қазанғап би, Ангарская көшесі – Нағымбек Нұрмұхаммедов, Читинская көшесі – Аманжол Шәмкенов, Декабристов көшесі – Қамар Қасымов, Юннатов көшесі – Дихан Әбілев, 1 және 2 Советов көшесі – Генерал Бәкіров, Зыряновская көшесі – Қабдыкәрім Ыдырысов, Саянская көшесі – Алма Әжібаева, Лесная көшесі – ағайынды Дүйсембиновтер көшесі болып өзгертілсін», – делінген қаулыда.

Құжатқа сәйкес, көшелердің атауын өзгертуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлінбейді. Қаулы 10 күннен кейін күшіне енеді