Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Желдібай Руслан Сұлтанұлы Атырау облысына қызметтік сапары барысында «Иманғали» орталық мешітінде болып, имамдармен жүздесті.
Кездесуде өңірдегі діни ахуал, ұлттық құндылықтардың насихатталуы, жат діни ағымдардан сақтандыру мақсатында жасалып жатқан жұмыстар туралы пікір алмасты.
«Дін саласы қашанда өзекті әрі, нәзік мәселе. Мемлекет дін қызметкерлеріне, имамдарға жан-жақты қолдау көрсетеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесіп дін саласындағы жобаларды қолға аламыз. Қоғамның тыныштығы, елдің бірлігі үшін бірлесіп қызмет ете берейік» деді Руслан Сұлтанұлы.
Одан бөлек мейман орталық мешіт жанынан ашылған «Аzan» радиосы мен «amin.kz» медиа студиясын аралап, ақпараттық-ағарту жұмыстарына қолдау көрсететіндігін жеткізді.