Президент сайлауы: Дауыс беру учаскесін анықтау жолдары белгілі болды

20 қарашада ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Дауыс беру үшін өзіңіздің сайлау учаскеңіздің нөмірін білуіңіз керек. Halyk Bank-тің жаңа сервисінің көмегімен 18 жасқа толған кез келген қазақстандық дауыс беруге арналған учаскенің нөмірі мен мекенжайын оңай және тез анықтай алады. Ол үшін Halyk Homebank қосымшасының пайдаланушысы болу керек. Сервис Орталық сайлау комиссиясымен және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен ынтымақтастықта әзірленді.

Қосымшада сайлау учаскесін іздеу үшін «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «Президентті сайлау – сайлау учаскесін іздеу» батырмасын басу жеткілікті, содан кейін учаскенің нөмірі мен мекенжайы автоматты түрде көрсетіледі. Егер учаске анықталмаса, тіркеу аймағын таңдап, кеңес алу үшін байланыс орталығының нөмірін біле аласыз.

Ақпаратты басқа адам үшін, мысалы, туысыңыз үшін білуге болады. Ол үшін оның ЖСН енгізу жеткілікті, сол сәтте учаскесі бойынша деректер көрсетіледі.

«Қазақстандықтардың көбі цифрлық қызметтерді белсенді пайдаланады. Бейінді министрлік ретінде біздің міндетіміз-отандастарымызға олар үшін қажетті ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету. Қазір ҚР Президентінің алдағы сайлауына қоғамның жоғары қызығушылығын көріп, біз ОСК және серіктесіміз Halyk Bank-пен бірлесіп банктің цифрлық платформасына жаңа сервис енгіздік. Бұл дауыс беруге қатысуға дайын адамдардың ыңғайлылығы үшін жасалған», – деп ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин атап өтті.

«Біз ең өзекті және сұранысқа ие цифрлық қызметтерді ұсынамыз және көбінесе клиенттеріміздің сұраныстарынан озып кетеміз. Бүгін біз Halyk Homebank пайдаланушыларына сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін оңай білуге мүмкіндік беретін жаңа қызметті іске қостық. Банк клиенттердің ыңғайлылығы туралы ойлайды, сондықтан біз Қазақстанның әрбір азаматы өзінің сайлау құқығын іске асырып, өз учаскесін тауып, ҚР Президентінің сайлауында дауыс беруі үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық», – деді Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мукушев.