Қадір түні: Атырауда 200 отбасына ауыз ашар асы таратылды (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 19 мамыр, 2020 жыл. Қадір түнінің құрметіне орталық «Иманғали» мешітінде 200 отбасына ауызашар таратылды.

«Ауызашар беру өте үлкен сауап. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде кім бұл айда аузы берік бір адамға ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Сол аузы берік адамның алған сауабындай сауап бұған да беріледі.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) «Бір дана құрмамен ауызашар бергенге де, тек сумен ғана оразасын аштырғанға да, кішкене сүт бергенге де осы сауап жазылады» (Бәйһақи) деген сөзі бар.

Қасиетті Рамазан айында ұстаған оразамызды, Қадір түніндегі дұғаларымызды Алла қабыл етсін. Қасиетті айдың құрметіне ауызашар ұйымдастырылып отыр. Осындай игі істеріміз молынан болсын» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.