Қадір түні: Атыраудың орталық мешітінде дұға жасалды (+ВИДЕО)

amin.kz/ 20 мамыр, 2020 жыл. Қасиетті Қадір түні Атырау облысының орталық «Иманғали» мешіті ұстаздары жергілікті «Атырау» телеарнасы арқылы тікелей эфирге шығып, уағыз айтты.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы, Әт Тақуа мешітінің имамы Өсімхан Аманбайұлы, ұстаз Ерболат Боханов бір сағат көлемінде мың айдан да қайырлы Рамазандағы қасиетті Қадір түнінің ерекшеліктері туралы сұхбат берді.

«Мұсылман тілегі мен қалауын сұрап, қол қусырып отыра бермеуі тиіс. Тек тілімен дұға етумен ғана шектелмей, қолына кітап алып ізденуі, ем-шипа сұраған науқас дәрігерге көрініп емделуі, мол астық сұраған дихан қолына кетпенін алып еңбек етуі – негізгі шарт. Демек, дұға етуші берекет көруі үшін әрекет етуі қажет» дейді Әт Тақуа мешітінің имамы Өсімхан Тілеуов.

Бүгін қазақстандықтар қасиетті Қадір түнін ерекше жағдайда өткізіп жатыр. Әлемге тарап жатқан пандемия қаупіне байланысты, мешіттер онлайн форматтағы уағызға көшті.

Осылайша, карантин жағдайындағы Рамазан аяқтала келді. Күллі қазақстандықтар шаңырақтарында дұға жасауда.

Атыраудың орталық мешітінде өткен тікелей эфирден видеоның толық нұсқасы толығырақ жарияланатын болады.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.