Қайырымдылық керуені: «Иманғали» мешіті Индер ауданындағы мұқтаж отбасыларға азық – түлік үлестірді (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 14 тамыз, 2020 жыл.  Қайырымдылық шарасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейлі датасы аясында ұйымдастырылды.

«Бұл жолы «Қайырымдылық керуені» Махамбет ауданына, Индер ауданындағы Өрлік, Есбол ауылдарына барып, мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылды. Және дәрі-дәрмектер үлестірілді.

Қайырымдылық керуені аясында жуырда ғана Индер ауданындағы мұқтаж жанұяға баспана алып берген болатынбыз. Бұл жолы сол шаңырақты жиһазбен қамтамасыз еттік» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Айта кетелік, жыл басынан бері «Иманғали» орталық мешіті және облыстағы барлық мешіттер аудан, ауылдарды аралап, мұқтаж отбасыларға азық-түлікпен және қаржылай көмек көрсетіп келеді.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.