Қазақстанда 1,9 миллион адам коронавирусқа қарсы толық егілді

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасын алғандар саны 1,9 миллионнан асты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайлы ҚазАқпарат.

27 маусымдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда I компонентпен 3 165 155 адам вакцина салдырды, II компонентпен 1 905 062 адам егілді.

Коронавирус вакцинасының толық дозасын алғандар бойынша алдыңғы орында тұрған өңірлер:

Алматы қаласы – 288 760 адам;

Алматы облысы – 198 352;

Түркістан облысы – 174 152;

Шымкент қаласы – 148 969;

Қарағанды облысы – 146 676;

Нұр-Сұлтан қаласы – 145 342.

Айта кетейік, 27 маусымда коронавирус вакцинасының толық дозасын алғандар саны 1 891 022 адам болды.