ҰҚК төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев терроризмге қарсы Шанхай ұйымының құрылымы ынтымақтастық кеңесінің 40-отырысында биыл Қазақстанда 80 мыңға жуық жас деструктивті қауымдастықтардың құрамында болғанын мәлімдеді.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. ҰҚК төрағасының орынбасары терроризмді интернет-насихаттау белең алғанын атап өтті.
“Террористік қауіп-қатерге жиі ұшырайтын – жастар. Деструктивті қоғамдастықтардағы 80 мыңға жуық адамның алты мыңға жуығы 18 жасқа толмаған”, – деді Сейсембаев. Сараптамалық бағалауларға сәйкес, интернетте 10 мың экстремистік электрондық алаңдар бар.
Дереккөз: Каzislam.kz