Қазақстандық қажылардың алғашқы легі елге оралды

Меккеде қажылық парызын өтеп, Мәдинада қасиетті орындарды зиярат еткен қажылардың алды елге орала бастады.

Бүгін Жидда қаласынан 1 борт, Мәдина қаласының әуежайынан 3 борт арқылы 977 қажы елге қайтты. Отандастарымызды Қажылық миссиясының мүшелері сәт-сапар тілеп шығарып салды.

Санаулы сағаттан соң тағы қажыларымыз Мәдина қаласынан 3 борт арқылы елге ұшады.

Қажылардың елге оралуы 20 шілдеге дейін жалғасады деп жоспарлануда.