Жылыой аудандық мешіті 4100 балаға қуаныш сыйлады (+ ФОТО)

Жылыой ауданында биыл Құрбан айт мерекесі айрықша ауқымды форматта аталып өтті.

Күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мереке құрметіне Жылыой аудандық орталық мешіті 1600 балаға айттық сыйлықтар, 2500 балмұздақ таратты.

Әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы 230 отбасыға құрбандыққа шалынған мал еттері үлестірілді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі