Сарайшық мешіті 90 балаға тәттілер таратты

Amin.kz Құрбан айт мерекесін қорытындылауды жалғастыруда.

Құрбан айт күндері Хан ордалы Сарайшық мешіті 90 балаға тәттілер таратты.

15 отбасына құрбан малының еті үлестірілді. Ауыл ақсақалдарының басын қосу мақсатында 90 адамға айт дастарханы жайылды.

Мереке күндері ауыл тұрғындары арасында ләңгі ойнау, қой көтеру, кір тасын көтеру, арқан тарту сынды ұлттық ойындар бойынша жарыс ұйымдастырылды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.