Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешітінің әйелдер жамағаты бүлдіршіндерді қуантты

Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешітінің әйелдер жамағаты 300 балаға сыйлық таратты.

Көшелерді аралап, тәттілер тарату арқылы балаларды қуантқан игі шара Құрбан айт мерекесінің құрметіне ұйымдастырылды.

Еске сала кетелік, мереке күндері Атырау облысы бойынша мешіттер 11 250 баланы құттықтап, айттық таратты.

Облыс бойынша 5728 мұқтаж шаңыраққа құрбан малының еті таратылды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.